География және физика пәндері мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
2017 жылдың 18 қазанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығында мамандандырылған мектеп – интернаттарының физика және география пәндері мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді. Отырыста 2016-2017 оқу жылындағы білім сапасының нәтижесі талданып, 2017-2018 оқу жылына арналған облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары қарастырылды. Барлығы 16 мұғалім қатысты.