Размер шрифта:
2017 жылғы 20 қазан күні мамандандырылған музыка мектеп - интернатында балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің оқытушыларына арналған «Музыкалық - теориялық пәндерді оқыту ерекшеліктері» атты семинар - практикумы өткізілді.
23-10-2017 11:00

Семинарға Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы Тулькубаева Жулдыз Жаханшаевна, Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетіндегі мектеп-колледжінің оқытушысы Бодарева  Галина Валерьевна  қатысты. 
Семинар барысында сольфеджио және музыка әдебиеті бойынша шеберлік-сыныптары, панорамалық және ашық сабақтар өткізілді.