2017 жылдың 24 қазанында ББД ОӘО базасында «Математикалық сауаттылықты дамыту» тақырыбында семинар өтті.
Қарағанды қаласының математика пәні мұғалімдеріне арналған семинарды НЗМ мұғалімдері жүргізді. Семинар топтық жұмыс түрінде өтті, мұғалімдер ҰБТ жаңа форматының шеңберінде математикалық сауаттылық бойынша тапсырмалар орындады.
Семинарға Қарағанды қаласынан барлығы 52 мұғалім қатысты. Осындай семинар Теміртау, Шахтинск және Саран қалаларының мұғалімдеріне 26 қазан күні өткізіледі.