«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
27-10-2017 05:10
«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2017 жылдың 26 қазанында Қарағанды қаласы С.Саттаров атындағы №57 МЛ базасында «Қарағанды облысында үштілді білім беруді жүзеге асыру» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің өкілдері, Қарағанды қаласы ХББ НЗМ өкілдері, қалалық/аудандық білім бөлімдерінің үштілділік бойынша әдіскерлері, үштілді білім беруді енгізу бойынша 50 пилоттық білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.
Дөңгелек үстелде талқыланған сұрақтар:
1. ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқыту.
2. Физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша ағылшын тілінде вариативтік курстар өткізу.
3. Педагогтердің біліктілігін арттыру және кадрлар дайындау.
4. Үштілді білім беруді жүзеге асыруды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
5. Білім беру ұйымдарында үштілді оқытуды тәрбиелік компонент арқылы жүзеге асыру: сыныптан және мектептен тыс іс-шаралар, оқушыларға ағылшын тілін үйрету жолдары.