Директор орынбасарының қызметін бастаушы мектебі
2017 жылдың 26 қазанында «Директор орынбасарының қызметін бастаушы мектебі» жобасының шеңберінде «Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және білім беру ұйымының директоры орынбасарының ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметі» тақырыбында тәжірибелік семинардың I модулі өтті.
Семинарға арнайы білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің, кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталықтарының, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернаттардың, ведомстволық емес мекемелердің директорларының оқу және тәрбие ісі жөніндегі 33 орынбасары қатысты.