Бағалаудың критериалды жүйесі
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды қаласының «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-мен бірлесе отырып, 2017 жылдың 30 қазанында Қарағанды қаласының №93 гимназиясы базасында «Бағалаудың критериалды жүйесі» тақырыбында 5, 7 сыныптарда сабақ жүргізетін мұғалімдерге арналған семинар-практикум өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты: критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқушылардың ғана емес, мұғалімдердің де жұмыс нәтижелілігі мен тиімділігін жақсарту үшін тәжірибеде бағалау құралдарын әзірлеу мен үрдістерін қолдану бойынша кеңестік қолдау көрсету.
Қызықты және әр түрлі формада Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия, физика, математика, география, биология, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәндерінің педагогтерімен шеберлік сыныптары өткізілді.
Семинар барысында оқушыларды критериалды бағалаудың негізгі қағидалары қарастырылды, екпін критерийлер әзірлеу ерекшеліктеріне, формативті бағалау тапсырмаларына, дайын дескрипторлардың қолданылуымен жиынтық бағалаудың айдарлары мен тапсырмаларын құрауға, модернизация жүргізуге қойылды.
Семинарға 5, 7 сынып мұғалімдерінен және Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктері басшыларынан барлығы 220 адам қатысты.