Размер шрифта:
Роботтық техникадан облыстық шеберлік сағаты өтті
30-10-2017 05:09
Роботтық техникадан облыстық шеберлік сағаты өтті

     30 қазан күні Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжінде Қарағанды облысының мектеп және колледж мұғалімдеріне арналған шеберлік сағаты өтті. Қарағанды облысы бойынша білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының аясында өткен шара «Роботтық техника негіздерін оқыту тәжірибесі: «Автономды футбол» тақырыбын арқау етті. Информатика, техника, физика, математика, роботтық техника саласындағы оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатындағы шеберлік сағатының тренері ҚМББ «Болашақ» колледжі директорының ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары Тусупбаев Аблайхан Төлегенұлы болды.

   Шеберлік сағаты барысында студенттердің техникалық шығармашылығын дамыту бойынша колледждің жинақтаған тәжірибесі, сондай-ақ роботты жарыстарда жүлдегерлерді дайындау машықтары көпшілік назарына ұсынылды. Шараға жиналған қонақтар осы саланы жұмыс тәжірибесіне енгізу мәселелерін талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды және колледждің студенттерінің техникалық шығармашылығын дамыту жұмыстарының нәтижелеріне баға беру мүмкіндігіне ие болып, шараның жоғары дейгейде өткендігін, өз сұраныстарын қанағаттандыра алғандықтарын сөз етті.

   Заманауи технологиялардың қыр-сырын алдыңғылардың бірі болып меңгеру және сол тәжірибемен шеберлік сағаттарын өткізу арқылы көпшілікпен бөлісу – үлгі боларлық бастама. Сондықтан кез келген бастамада сәттілік жолдас болсын деп тілейміз.