Қарағанды облысының мұғалім-суретшілері үшін IIIАШЫҚ АРТ-ПЛЕНЭР қорытындысы бойынша көрме
«Греция – заманауи мәдениеттің бесігі».
2015 жылдың 20 - 26 қаңтары аралығында облыстық шығармашылық көркемөнер мұражайында Қарағанды облысының мұғалім-суретшілері үшін III ашық арт-пленэр қорытындысы бойынша «Греция – заманауи мәдениеттің бесігі» есептеме көрмесі өтеді.
Көрмені ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығы, Қарағанды қаласының «№1 көркемөнер мектебі» КМҚК.
Көрме идеясы – қарағандылықтар мен қала қонақтарын пленэр қатысушыларының көп жоспарлы жұмыс түрлерімен таныстыру.
Экспозицияға келушілерді Халкидики түбегінің сұлулығымен, Афиналы акрополь бөктерінің суретімен, Эгей теңізінің және Нео Калликрати жағалауының сұлулығымен таныстырады. Жас дарындылық пен атақты суретшілер жұмыстарындағы дәстүрлі және дәстүрлі емес көркемдік тәсілдерінің үйлесімі көрменің ерекшелігін көрсетеді.