Қарағанды облысы педагогтерінің Ассоциация отырысы
2017 жылдың 1 қарашасында Қарағанды облысы білім басқармасының «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ базасында Қарағанды облысы мұғалімдерінің «Өркен» қоғамдық бірлестігінің білім мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелерін талқылау, ой бөлісу және осы мәселелер бойынша ұсыныс жасау мақсатында «Мұғалімнің кәсіби біліктілігі – жаңартылған білім беру мазмұнына сапалы көшудің негізі» отырысы өтті.
Отырысқа облыс мектептерінен 221 мұғалім және 14 пән ассоциацияларының жетекшілері қатысты.
Мұғалімдер дискуссиялық алаң жұмысының барысында жаңартылған жалпы орта білім беру мазмұнының ерекшелігі, бағалаудың критериялық жүйесі, 3,6,8 сыныптардың жаңа оқу жылына арналған оқулықтарының сараптамасы және «Айқын» жобасы аясында тестілеу өткізілу туралы ой бөлісті.