Размер шрифта:
Олимпиада тапсырмалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
06-11-2017 03:09
Олимпиада тапсырмалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

             Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2017 жылдың 3 қарашасында «Олимпиада тапсырмалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшілеріна, арналған семинар өткізілді.

              Семинар мақсаты: олимпиада тапсырмалары арқылы оқушылардың логикалық тапсырмаларды орындау барысында қызығушылығын арттыру жолдарын анықтау.

                     Қарағанды қаласының № 32 мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері қызықты да, әр түрлі формада шеберлік сыныптарын, тренингтер және коучингтер өткізді. Семинар қатысушылары оқушылардың логикасын және ойлау икемділігін дамытуға, креативті ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар әзірлеуге қатысты, пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

                   Семинарға Абай, Бұқар жырау, Осакаровка, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Ұлытау, Шет, Жаңаарқа аудандарының және Саран, Жезқазған, Сәтбаев, Приозерск, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Қарағанды қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері мен әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты.