Авторлық кездесу
08-11-2017 10:50
Авторлық кездесу

2017 жылдың 8 қарашасында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 8-сыныпқа арналған «Қоғам және дін» оқулығының авторы – профессор, философия ғылымының докторы, оқулықтың авторлық ұжымының жетекшісі А.П.Абуовпен, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, РФ педагогикалық білім берудің халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі К.Т.Калилахановамен, Астана қаласы №63 ЖОББМ-інің тарих және қоғамтану пәнінің жоғары санатты мұғалімі Г.М.Жанузаковамен, Еуразия университетінің гуманитарлық ғылымдарының магистрі С.Б.Алимкуловамен кездесу болып өтті. Авторлық ұжым өздерінің оқулықтарын Қарағанды облысының қалалық, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, Қарағанды қаласының жалпы орта білім беретін мектептердің және мамандандырылған мектеп интернаттардың тарих, дінтану негіздерінің мұғалімдері назарына ұсынды. Жалпы 28 адам қамтылды.