Размер шрифта:
Футбол сабағы
08-11-2017 03:23
Футбол сабағы

2017 жылдың 8 қарашасында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 30.10.2017ж.№550 бұйрығы негізінде«Орта білім беру ұйымдарының 1-4 сыныптарында дене тәрбиесінің әр үшінші сағатында «Футбол сабағын» сынақтан өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы», Қазақстан футбол Федерациясы  және Қарағанды облысының футбол ассоциациясы оқу-әдістемелік семинар-кеңесін өткізді.

Семинар-кеңеске  Қарағанды облысы бойынша жобаға кірген 30 мектептің директорлары және бастауыш сыныпта сабақ беретін дене шынықтыру мұғалімдері қатысты. Жалпы семинар-кеңеске 70 адам қатысты.