2017 жылдың 8 қарашасында «Ынтымақтастық» жобасының шеңберінде онлайн режимде бірінші семинар өтті.
Семинарды Осакаров кентінің №9 гимназиясы базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық) дайындады. Тірек мектебінің жаңартылған білім беру мазмұнының шеңберінде математиканы оқыту ерекшеліктері бойынша кеңесін математика мұғалімі Медведева Т.В. жүргізді.
Семинар өткізу барысында шағын жинақты мектептердің 5 сыныбындағы «Қарапайым бөлшек суреттері және координаттық сәуледегі аралас сандар» тақырыбында математика сабағынан үзінді (№17 ОМ математика мұғалімі А.Ж. Джумагадиева) және 7 сыныбындағы «Үшбұрыштың ортаңғы сызығы» тақырыбында геометрия сабағынан үзінді (Батпак кентінің №6 ОМ математика мұғалімі Н.Н. Польченко) көрсетілді.
Семинарға облыстың 62 шағын жинақты мектеп мұғалімдері қатысты.