Размер шрифта:
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауы
13-11-2017 03:30
 «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауы

2017 жылдың 8-9 қарашасында Алматы қаласында  «Үздік авторлық бағдарлама» атты дәстүрлі республикалық байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – педагогикалық мамандықтың мәртебесін көтеру, мұғалімдердің инновациялық-педагогикалық әрекетін, кәсіби шеберлігін дамытуға ықпал ету. Қарағанды облысынан байқауға 10 педагог қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша Стожарова Юлия Борисовна, «Мурагер» ММИ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ынталандыру грамотасымен марапатталды («Поэты-лауреаты Нобелевской премии»).

Екінші орында Абеужанова Алма Бахытовна,  Шет ауданы Батталов атындағы мектептің география пәне мұғалімі  жеңіп алды («Жаратылыстану пәндерінде PISA тақырыптарын қолданудың әдістері»).

Үшінші орынды Лихицкая Ольга Викторовна, Абай ауданының  «Жулдыз» МББК география пәні мұғалімі («Знай и изучай свой край») және Шет ауданы Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Болкенбаева Айгерим Даулетиаровна, Тусупханова Бану Амановна жеңіп алды («Эссе жазып үйренейік»).