2017 жылдың 17 қарашасында Қарағанды облысы білім басқармасы және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы«Жаңартылған білім беру жағдайында шағын жинақты мектептердің даму келешегі» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңесте жаңартылған білім беру мазмұнының жағдайында шағын жинақты мектептерді дамытудың негізгі мақсаттарын талқылау және тірек мектептерінің жұмысын ұйымдастыру бойынша Қарағанды облысының тәжірибесін жалпылады.
Конкурсқа облыстың оқу-әдістемелік орталықтарының (кабинеттерінің) директорлары, облыстың шағын жинақты мектептері мен тірек мектептеріне сүйемелдеу көрсететін білім басқармасының мамандары, тірек мектептердің директорлары (ресурстық орталық) қатысты.
Бұқар жырау ауданы Ростовка кентінің Ресурстық орталығында семинар-кеңестің қатысушылары тірек мектептің 2016-2019 жылдарға арналған даму бағдарламасымен және зертханалар жұмысымен танысты.
Қатысушылар саны: 140