Размер шрифта:
Облыстық әлеуметтік-педагогикалық «Оқу шаттығы» жобасы.
23-11-2017 11:04
Облыстық әлеуметтік-педагогикалық «Оқу шаттығы» жобасы.

2017 жылдың қараша айының 22 күні  «№23 ЖББОМ» ММ аясында облыстық әлеуметтік-педагогикалық «Оқу шаттығы» жобасын іске асыру бойынша жалпы білім беретін мектептердің 3-4 сынып оқушылары арасында мəтінді оқу жəне түсіну сапасын бағалауға арналған «Бәріміз кітап оқимыз!» қалалық байқауы ұйымдастырылды.

 «Бәріміз кітап оқимыз!» байқауының мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының PIRLS халықаралық зерттеулеріне сәйкес мәтінді оқу және түсіну деңгейін арттыру бойынша оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

 «Бәріміз кітап оқимыз!» қалалық байқауына 60 қала мектептерінен 120 оқушы қатысты.

Байқауға арналған тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу мен түсіну деңгейін анықтауға арналып, Қарағанды қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинетімен құрастырылды.

Оқушыларға екі бөлімге бөлінген 2 мәтін таратылады. Біреуі – әдеби, екіншісі – ақпараттық. Сонымен қатар оларға қоса сұрақтар берілген.Қатысушыларғаәр мәтінді орындауға 40 минуттан жалпы 80 минут уақыт берілді.

Байқау өте жағымды атмосферада ұйымдастырылды.