О. А. Байқоңыров атындағы «Адами капитал елдің жаңашыл дамуының негізгі факторы ретінде» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
23-11-2017 11:46
О. А. Байқоңыров атындағы «Адами капитал елдің жаңашыл дамуының негізгі факторы ретінде» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Ағымдағы жылдың 23-24 қараша күндері Жезқазған қаласында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен, Қарағанды облысының білім басқармасымен, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен Жезқазған қаласында Байқоңыров атындағы «Адами капитал елдің жаңашыл дамуының негізгі факторы ретінде» жыл сайынғы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Конференцияға келіп түскен 286 өтініштің ішінен Қазақстанның 7 аймағынан: Ақмола облысы, Маңғыстау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы және Астана, Алматы қаласы, Қарағанды облысынан 71 педагог қатысады.

23 қараша күні конференция қатысушылары Жезқазған аймағының киелі орындары – Алаша хан кесенесі, Жезқазған қаласының өлкетану мұражайы, Жезқазған тарихи–археологиялық мұражайы, Жезді селосындағы тау-кен металлургиясының тарихи мұражайына саяхат жасады.