Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығы Шет ауданы Бұрма жалпы орта білім беру мектеп базасында 2017 жылдың 8 желтоқсанында «Біздің айналамыздағы математика» жобасы шеңберінде жобаға қатысушы мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Семинар- практикумның мақсаты: «Біздің айналамыздағы математика» педагогикалық жоба аясында оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру және серіктес мектептер арасында тәжірибе алмасу.
Семинар барысында Жарық, Бұрма жалпы орта білім беру мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері жобаны жүзеге асыру бойынша әр түрлі түрде ұйымдастырылған жұмыстарын көрсетті.
Мектеп мұғалімдерімен сабақтар, шеберлік сынып, коучингтер, сыныптан тыс іс-шаралар, ата-ана жиналысы өткізілді. Семинар қатысушылары оқушылардың логикасын және ойлау қабілетін дамытуға арналған практикалық тапсырмаларды құрастырып, өзара пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Өткізілген іс-шара бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамытуына және ата-ана мен әлеуметтік серіктестікті арттыруды жүзеге асырды.
Семинарға Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра аудандарының және Балқаш, Шахтинск, Қарағанды қалаларының әдіскерлері, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.