2017 жылдың 11 желтоқсанында Қарағанды қаласының №3 гимназиясының базасында Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық академия өкілдерімен жаңартылған білім беру мазмұнына көшу шеңберінде 6-8 сынып оқулықтарын апробациялауға мониторинг жүргізу бойынша кездесу өтті.
Кездесу барысында академияның ғылыми қызметкері Г.Ж. Омарова енгізілуі 2019 жылға болжалған 12 жылдық білім беру (0+ 11) жобасын ұсынды.
Республикамыздың тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңында №3 гимназия және Нұра ауданының № 2 Киев орта мектебінде жаңартылған білім беру мазмұнын апробауиялауға белсенді қатысатын пилоттық мектептердің педагогтеріне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталары берілді.
Кездесуге Абай ауданының, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран қалаларының мектеп директорлары мен директор орынбасарлары қатысты.