Размер шрифта:
«Жыл мұғалімі - 2017» облыстық байқауы
13-12-2017 12:21
 «Жыл мұғалімі - 2017» облыстық байқауы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін тойлау, облыстың талантты педагогтерін анықтау, мадақтау, қолдау шеңберінде Қарағанды облысының білім басқармасымен екінші жыл «Жыл мұғалімі» облыстық байқауы өткізілді.

«Жыл мұғалімі» облыстық байқауы педагогикалық мамандықтың мәртебесін арттыру, облыс мұғалімдерінің педагогикалық ұстанымын, жеке әлеуетін көрсету және кәсіби шеберлігін ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Байқауда қатысушылар өздерінің шығармашылығын, кәсіби білімдарлығын, жасампаздығы мен шеберлігін көрсетті.

Байқау қазыларының құрамына қоғамдық кеңес мүшелері, педагогикалық еңбек ардагерлері, Нұр Отан, «Өрлеу» БАҰО, Педагогикалық шеберлік орталығының, білім басқармасының, оқу-әдістемелік орталығының өкілдері, гуманитарлық колледж директорлары кірді.

3 кезең қорытындысы бойынша төрт жүлделі орын анықталды:

гран-при, 1 орын, 2 орын,3  орын және төрт номинация:

Гран при - 350 000 теңге - Жаксыгельдин Ильяс Тилекович – тарих мұғалімі, Қошқар ЖББОМ, Ақтоғай ауданы;

1 орын - 200 000 теңге - Бөлкенбаева Айгерим Даулетияровна – қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназия, Шет ауданы;

2 орын -150 000 теңге - Сибагатуллина Ольга Александровна – бастауыш сынып мұғалімі, №85 ЖББОМ, Қарағанды қаласы;

3 орын -100 000 теңге - Бұқар Амангелді Оразұлы – қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, С.Сейфуллин атындағы гимназия, Сәтбаев қаласы;

 «Үздік сабақ» - 50 000 теңге - Егорова Татьяна Ивановна, математика мұғалімі, №9 гимназия Тірек мектебі (Ресурстық орталық) Осакаровка ауданы;

«Үздік сабақтан тыс іс-шара» - 50 000 теңге - Манбаева Жумагуль Орынбасаровна, «Мұрагер» ММИ;

«Үздік үй тапсырмасы» - 50 000 теңге- Бақытқызы Перузия – биология мұғалімі, №15 мектеп-лицей, Балқаш қаласы.

«Көрермендер көзайымы» - 50 000 теңге - Филипова Анна Вадимовна, Сөйлеуі ауыр бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернат.

Осы жылы бірінші рет Ағдарбек Мұқатаев атындағы арнайы грантпен 100 000 теңге көлемінде Мұхиден Ботакөз Мұхиденқызы марапатталды – қазақ тілі және әдебиеті мұғалім, №5 Пионер негізгі мектебі, Ұлытау ауданы.