TALIS-ке дайындық
2017 жылдың 20 желтоқсанында TALIS халықаралық зеттеуге қатысатын мектептердің мұғалімдерін ақпараттандыру мақсатында семинар өткізілді.
TALIS зерттеуі мұғалімдердің және мектептердегі білім беру ортасын, жұмыс қызметін бағалауға бағытталған халықаралық деңгейдегі ең үлкен масштабты зерттеу болып саналады. Қазақстан TALIS халықаралық зерттеуіне алғаш рет қатысады. Зерттеуді өткізу 2018 жылдың наурыз-сәуір айларына жоспарланған. Зерттеуге 46 елдің мұғалімдері мен мектеп директорлары, ал Қарағанды облысынан кездейсоқ таңдалған 20 мектеп қатысады. Зерттеудің нәтижелері 2019 жылы маусым айында ЭЫДҰ-да жарияланады.