Қарағанды облысында білім берудің дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2018 жылдың 3 қаңтарында бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің басшыларына арналған «Жүйелі - әрекеттік тәсіл – білім беру мазмұнын жаңартудың негізі» тақырыбында семинар өтті.
Семинар мақсаты: оқытудағы қолданылатын жүйелі - әрекеттік тәсілдеме арқылы мұғалімдердің теориялық және тәжірибелік дайындығын шыңдау.
Қарағанды қаласының № 92 гимназиясының және Саран қаласының №1 орта мектебінің мұғалімдерімен қызықты әрі әр түрлі формада жүйелі–әрекеттік тәсілдің ерекшеліктері мен оның білім беру стандарттары мен жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламаларын іске асырудағы рөлі талқыланған шеберлік сыныптары, коучингтер өткізілді.
Семинарға Абай, Бұқар жырау, Осакаровка, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Ұлытау, Шет, Жаңаарқа аудандарының және Саран, Жезқазған, Сәтбаев, Приозерск, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Қарағанды қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері мен әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты.