Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2018 жылдың 5 қаңтарында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарына критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша мектеп үйлестірушілеріне арналған «Мектеп үйлестірушісінің жұмыс жүйесі – жаңартылған білім беру мазмұнын табысты жүзеге асырудың негізі» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар мақсаты: тәжірибеде бағалау құралдарын әзірлеу мен үрдістерін қолдану бойынша тәжірибе алмасу.
Критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушісінің жұмысын ұйымдастырудың нормативтік құқықтарымен, лауазымдық міндеттерімен және мектеп үйлестірушісінің жұмысын жоспарлау бойынша жұмыс тәжірибелерімен Қарағанды қаласының №6 орта мектебі мен №38 гимназиясының мұғалімдері Жаксыбекова С.С. және Золотарева Я. А. бөлісті.
Семинар барысында жаңартылған білім беру мазмұнының шеңберінде педагогке әдістемелік қолдау көрсетуді ұйымдастыру бойынша сұрақтар талқыланды, пәндерді зерделеу шеңберінде оқыту мақсатына жету бойынша шеберлік сыныптары өткізілді.
Семинарға Абай, Бұқар жырау, Осакаровка, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Ұлытау, Шет, Жаңаарқа айдандарының, Саран, Жезқазған, Сәтбаев, Приозерск, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Қарағанды қалаларының, Қарағанды облысының мамандандырылған және арнайы (түзету) мектеп-интернаттарының критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша мектеп үйлестірушілері қатысты.