2018 жылдың 4-6 қаңтары аралығында Қарағанды қаласының БИЛ 2 базасында «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығымен математика пәнінің мұғалімдері үшін «Математикадан олимпиада есептерін шығару тәсілдері» тақырыбында семинар өткізілуде.
Семинар жұмысына барлығы 35 педагог қатысты. Сабақтарды Астана қаласының математика пәнінің мұғалімдері Сартқожа Байған («Зерде» мектебі) және Типан Сонгобай (Астана қаласының №66 лицейі) жүргізді. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат беріледі.