2015 жылдың 9 ақпанында ББД ОӘО «Білім беру ұйымдарында жасөспірімдер арасында аутодеструктивті жүріс-тұрыстың алдын алу» тақырыбында шағын жинақталған мектептердің виртуалды әдістемелік бірлестігінің 5-ші отырысы өтті. 12 Тірек мектептерінен (РО) және 51 магнитті мектептерінен 7 тірек және 9 магнитті мектептері іске қосылды. Жалпы мұғалімдер саны – 51.
Сабақты әдіскер Нұржан Ж.Д. жүргізді. Отырыстың бастапқы кезінде Нұржан Ж.Д. қатысушыларға «Оқушының өмірлік қиын жағдайға душар болғанын кімнің көріп, байқауға мүмкіндігі бар?»,«Өмірлік қиын жағдайда жүрген оқушыға кім шынайы көмек бере алады» деген сұрақтарды қойды.
Байланысқа қиын балалармен жұмысты қалай атқаратыны жөнінде өз тәжірибелерімен бөліскен Осакаровка кентінің №13 магниттік мектеп, Шет ауданының А. Ермеков атындағы №12 орта мектебі, Ақтоғай ауданының А. Бөкейхан атындағы орта мектебі шықты.
Семинарға қатысушылар орыс және қазақ тілдерінде қолма қол кеңестер алып отырды.