«Мектепке дейінгі білім беру тәжірибесіндегі заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбы бойынша проблемалық курс
31-01-2018 11:08
«Мектепке дейінгі білім беру тәжірибесіндегі заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбы бойынша проблемалық курс

      2018 жылдың 29-31 қаңтары аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатымен Қарағанды обылысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Мектепке дейінгі білім беру тәжірибесіндегі заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбы бойынша балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған үш күндік проблемалық курс өткізілді. Курсқа Осакаровка, Нұра, Абай және Жаңаарқа аудандарынан 24 педагог қатысты.

      Курс барысында балабақшадағы әдістемелік жұмысты және жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелері, сонымен қатар баланың жеке тұлғасының жетілуі мен оның дамуының ықпалы ретінде Lesson Study тәсілі  қарастырылды.