Білім беру ұйымдарының директорлары үшін семинар-кеңес
30-01-2018 11:21
Білім беру ұйымдарының директорлары үшін семинар-кеңес

  2017 жылдың 30 қаңтарында Қарағанды облысының білім беру басқармасының алқа мәжілісі аясында Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатыныңбазасында қазақ тілінде оқытатын және Қарағанды қаласының№92 гимназиясында орыс тілінде оқытатын білім беру ұйымдарының директорлары үшін семинар-кеңес өткізілді.

 Кеңеске Қарағанды облысы білім беру ұйымдарынанбарлығы 378 мекеме басшысықатысты.

  Семинар қатысушыларымен  балалар мен жастарға арналған «111» Ұлттық сенім телефонының басшысы Ы.Қ.Құлатай «Сенім телефоны кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің алдын алу құралдарының бірі ретінде» тақырыбында тренинг өткізді.

 Тыңдаушыларға «Қазіргі заман талабына сай оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың мәселелері» бойынша «Саясаттанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының директоры Е.Ж.Есенғараев баяндама жасады.

  Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сұрақтары туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы И.Н.Майшекин мен бас маманы О.А.Бурханов тоқталып өтті.

 Білім беру объектілері мен балаларды санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы А.Б.Рысбаева және Қарағанды облысының қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің эпидемиялық қадағалау бөлімінің басшысы Ж.Ж.Джашибекова «Білім беру объектілерінің санитарлық талаптарындағы өзгерістер мен «А» вирустық гепатиті эпидемиясының алдын алу шаралары» жөнінде айтып берді.

  Сондай-ақ, білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқушылардың оқу жүктемесі; цифрландыру; НЗМ тәжірибесін трансляциалау; PISA, ICILS, TIMSS, TALIS халықаралық зерттеулеріне қатысу; педагог қызметкерлерді аттестаттау туралы мәселелер қозғалды.

 Семинар-кеңестің қатысушыларына барлық айтылған сұрақтар бойынша материалдар ұсынылды.