2018 жылдың 15 ақпанында халықаралық PISA зерттеуіне дайындалу шеңберінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында семинар-кеңес өткізілді. Семинарға Қарағанды облысы білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие, орта білім бөлімінің басшысы Жашибеков Н. А. мен 36 мектеп және колледж координаторлары қатысты.
Семинарда халықаралық PISA-2018 зерттеуіне дайындалу, компьютерлерге қойылатын талаптар, тест сұрақтарының құрылымдары бойынша сөз қозғалып, сонымен қатар, мектеп пен колледждердің дайындығы жайлы ақпарат берілді. Семинар-кеңес қатысушылары PISA-2018 зерттеуіне дайындалудың ортақ жоспармен таныстырылып, координаторлар соның негізінде құрылған білім беру ұйымдарының жоспарларын қорғады. Семинарды қорытындылау барысында қатысушылар ойларымен бөлісіп, тиімді бірлескен жұмыс жайлы өз ұсыныстарын ортаға салды. Семинарда барлық қатысушылар әдістемелік ұсыныстар алды.