«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ИНКЛЮЗИВТІК БАҒЫТ БЕРУДЕГІ ПМПК РӨЛІ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
2018 жылдың 27 ақпанында Қарағанды облысында инклюзивті білім беруді дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру бойынша іс - шаралар Жоспарының шеңберінде «Қарағанды облысының жалпы орта білім беру ұйымдарына инклюзивтік бағыт берудегі пмпк рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Семинарға Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларының психологиялық - медициналық - педагогикалық кеңес басшылары, Қарағанды қаласының «№27 ЖББОМ» КММ жанындағы Ресурстық орталық мұғалімдері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, стажер алаңдарының инклюзивтік білім беру бойынша директор орынбасарлары қатысты.