ЖАК (Жастардың алқалы кеңесі) өкілдеріне арналған «Әлеуметтік сауалнамалар "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға студенттердің даярлығын анықтаудың әдісі ретінде» атты оқыту семинары
2018 жылдың 5 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында ЖАК (Жастардың алқалы кеңесі) өкілдеріне арналған «Әлеуметтік сауалнамалар "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға студенттердің даярлығын анықтаудың әдісі ретінде» атты оқыту семинары өтті . Семинарға 21 колледжден 28 студент және ЖАК-не жетекшілік ететін бір педагог қатысты. Студенттер әлеуметтік зерттеулердің түрлерін байқап көріп, олардың оқу үрдісіндегі маңызы мен рөлін анықтады.