Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында педагог қызметкерлердің аттестаттау материалдарын қарастыру бойынша облыстық сараптама кеңесінің жұмысы басталды.
2018 жылдың 6 наурызында облыстық сараптама кеңесінің отырыстарында квалификациялық санаттардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында аттестатталатын педагогикалық қызметкерлердің материалдары қарастырылып талдаудан өткізілді.
Сараптама қорытындылары облыстық аттестаттау комиссиясына тапсырылады.