![VI облыстық шығармашылық практикум мастер-класс](/media/img/blogs/5aa5591c4a69c.jpg)
2018 жылдың 06 наурызында Қарағанды облысының бейнелеу өнері мұражайында «Өнерлі шебер»VIоблыстықшығармашылық практикум мастер-класс өтті.
Ұйымдастырушылар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды қаласының №1 балалар көркемөнер мектебі.
Іс-шараға облыстың балалар көркемөнер мектептерінің, бейнелеу өнері студиясының өнер мектептерінің көркемөнер-эстетикалық бағытындағы 70 педагогі қатысты. Іс-шара «Қаладағы қыс мезгілі» тақырыбында өтті.
«Өнерлі шебер» іс-шарасының шеңберінде Қарағанды қаласының №1 балалар көркемөнер мектебінің педагогтері жүргізген төрт мастер-класс өткізілді:
«Графикадағы миниатюра» – Қарағанды қаласының суретшілер одағының және кәсіби суретшілердің Халықаралық ассоциациясының мүшесі Шапошев Алексей Михайлович;
- «Калькадан жасалған пейзаж» – Ворона Наталья Яковлевна;
- «Қысқы ұйқы» – Брагина Ольга Валериевна;
- «Көңілді түймелер»- Алешина Татьяна Стасисовна.