Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында педагог қызметкерлердің аттестаттау материалдарын қарастыру бойынша облыстық сараптама кеңесінің жұмысы басталды.
2018 жылдың 12 наурызында облыстық сараптама кеңесінің отырысында квалификациялық санаттардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында аттестатталатын колледждердің педагогикалық қызметкерлерінің материалдары қарастырылып талдаудан өткізілді.
Сараптама қорытындылары облыстық аттестаттау комиссиясына тапсырылады.