Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында педагог қызметкерлердің аттестаттау материалдарын қарастыру бойынша облыстық сараптама кеңесінің жұмысы өткізіліп жатыр.
2018 жылдың 16 наурызында облыстық сараптама кеңесінің кезекті отырысында квалификациялық санаттардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында аттестатталатын педагогикалық қызметкерлердің материалдары қарастырылып талдаудан өткізілді.
Сараптама қорытындылары облыстық аттестаттау комиссиясына тапсырылады.