2018 жылдың 16 наурыз күні Ақтоғай ауданы Ә.Бөкейхан атындағы ЖББОМ базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Бейнелі карта» жобасы аясында «Географиялық білім беру жүйесінің модернизациясы» тақырыбы бойынша облыстық семинар өткізді.
«Бейнелі карта» жобасында Ақтоғай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті тәжірибедегі базалық дағдылар мен қабілеттіліктерді интерактивті режимде қолдануға мүмкіндік беретін нәтижелі жұмыс түрінің әдістемелерімен бөлісті.
Ақтоғай ауданының жетекші мұғалімдері панорамалық сабақтар көрсетті:
Сейілбаева Б. - Ә.Бөкейхан атындағы ЖББОМ базасындағы тірек мектебінің (РО) география пәні мұғалімі
Абзалбекова Қ. - К.Байсеитова атындағы ЖББОМ базасындағы тірек мектебінің (РО) география пәні мұғалімі
Шардарбеков Д. - Нұржанов атындағы ЖОББМ география пәні мұғалімі
Шеберлік – сыныптар мен коучингтер арқылы жұмыс тәжірибесімен бөліскендер:
- Мусина А.А. - Ә.Бөкейхан атындағы ЖББОМ базасындағы тірек мектеп (РО)
- Шайкенова К.Ш., Бужикова М.Н. - Шашубай кентіндегі «Мектеп- балабақша кешені»
Семинарға Жаңаарқа, Осакаров, Нұра, Шет, Бұқар-жырау, Ақтоғай аудандарынан 25 мұғалім қатысты.