2018 жылдың наурыз айының 14 күні «Ақпараттық технолгиялар» мамандырылған мектеп-лицей интернатының базасында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ғылыми-техникалық бағытын насихаттау мақсатында, информатика, сызу, технология пәндерінің мұғалімдеріне шеберлік-сынып өткізді.
Шебер-сынып шеңберінде «Ақпараттық технолгиялар» мамандырылған мектеп-лицей интернатының информатика пәнінің мұғалімі Асқарова Г.М., сондай-ақ Қарағанды қаласының №101мектеп-лицейінің қосымша білім беру мұғалімдері Мухтарова Т., Сүлейменова А.Б. тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар шебер-сыныптың кәсібилігін, мұғалімдердің жоғары біліктілігін, сонымен қатар сабақ беру кезінде кеңейтілген жаңа мүмкіндіктер мен бағыттарды ашқанын атап өтті.