Халықаралық PISA зерттеуі басталды
02-04-2018 14:32
Халықаралық PISA зерттеуі басталды

  2018 жылдың 2 сәуірінде Қарағанды облысының оқу орындарында халықаралық PISA-2018 зерттеуі басталды.  Зерттеу ұлттық бақылаушы - ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ақпараттық талдау орталығы»  АҚ-ның өкілі Картпаев Берикбол Айткожевичтың қатысуымен бүгіннен бастау алып,  18 мамырға дейін жалғасады.  Бұл зерттеуге кездейсоқ іріктеліп алынған облыстың 27 мектебі мен 9 колледжінің 15 жастағы білім алушылары  қатысады. 

 Алғашқы күні «Қарағанды коммерциялық колледжі» ЖММ-де бастау алып,  осы мекемеден 42 студент компьютерлік форматта тест тапсыруда.