Халықаралық PISA зерттеуі басталды
2018 жылдың 2 сәуірінде Қарағанды облысының оқу орындарында халықаралық PISA-2018 зерттеуі басталды. Зерттеу ұлттық бақылаушы - ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ-ның өкілі Картпаев Берикбол Айткожевичтың қатысуымен бүгіннен бастау алып, 18 мамырға дейін жалғасады. Бұл зерттеуге кездейсоқ іріктеліп алынған облыстың 27 мектебі мен 9 колледжінің 15 жастағы білім алушылары қатысады.
Алғашқы күні «Қарағанды коммерциялық колледжі» ЖММ-де бастау алып, осы мекемеден 42 студент компьютерлік форматта тест тапсыруда.