Размер шрифта:
"АЛАШ ИДЕЯСЫ - МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ БЕРІК ТҰҒЫРЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА ТЖКББ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫ
05-04-2018 09:12
2018 жылдың 5 сəуірінде Қарағанды гуманитарлық колледжінде «Адами капиталды дамыту негізі ретінде қоғамдық сананы жаңғырту» VI облыстық ғылыми-практикалық конференциясы аясында  "Алаш идеясы - Мəңгілік елдің берік тұғыры" тақырыбында ТжКББ оқытушылары мен студенттеріне арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция жəне студенттер арасында облыстық эссе байқауы өткізілді. Конференцияға 49 баяндама ұсынылып, эссе байқауына 54 студент қатысты. Шарада барлығы 103  қатысушы болды. Конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды. Эссе байқауы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріліп, сонымен қатар үздік жұмыстар 1,2,3 дипломдармен марапатталды.
Эссе байқауының нəтижелері:
1-орын - Сарқытбек Ə.С., Жезқазған политехникалық колледжі;
2-орын - Ибраева С.Г., Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі; Бастами А.Т.,  ҚарМТУ инновациялық технологиялар колледжі;
3-орын - Сəрсенбай А.С., Қарағанды жоғарғы мердігерлік колледжі; Шуйкин В.Д., Қарағанды агротехникалық колледжі.