Дарынды балаларға – талантты мұғалім.
05-04-2018 11:39
 Дарынды балаларға – талантты мұғалім.

2018 жылдың 5 сәуір күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты мұғалім» Республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық іріктеу туры өтті.

Олимпиада мақсаты: жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі жүзеге асыруларын дамытуға жағдай жасау; жас мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби қарым-қатынасын қалыптастыру.

Конкурсқа Абай, Бұқар жырау, Осакаровка, Нұра, Шет, Жаңаарқа аудандары мен Саран, Сәтбаев, Жезқазған, Приозерск, Теміртау, Балқаш, Қарағанды қалаларынан барлығы 33 жас педагог, педагог-психолог және тәлімгерлер қатысты. Қатысушылардың әр қайсы оқу үрдісінде педагогикалық міндеттерді шешу және жобалау қабілеттерін көрсетті.

Дарынды балаларға – талантты мұғалім Республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық іріктеу турының жеңімпаздары:

 

Жас педагогтар:

Бірінші дәрежелі диплом –Сәлкенов Думан Маратұлы, физика пәнінің мұғалімі, Б. Амалбеков ЖОББМ, Жаңаарқа ауданы;

Екінші дәрежелі диплом –Абельдинова Дана Бахытбековна, ағылшын пәнінің мұғаліміС. Сейфуллин атындағы гимназия, Сәтпаев қаласы;

Үшінші дәрежелі диплом ––Есилбаева Жанна Ернаровна,история пәнінің мұғалімі«Дарын»ММИ.

Педагог- психологтар:

Бірінші дәрежелі диплом – Тишмаганбетова Фариза Диханбаевна, Б. Амалбеков ЖОББМ, Жаңаарқа ауданы;

Екінші дәрежелі диплом – Мухитова Евгения Юрьевна, №3 ОМ Балқаш қаласы;

Үшінші дәрежелі диплом – Магруп Мадина, №4 ОМ  Саран қаласы;

 

Тәлімгерлер:

Бірінші дәрежелі диплом – Мейрам Жанар Шоқанқызы, №15 мектеп -лицейі, Балқаш қаласы;

Екінші дәрежелі диплом - Каснай Жадыра, № 74 ЖББОМ, Қарағады қаласы;

Үшінші дәрежелі диплом – Қамбарова Айгерим Әбікенқызы, Ж. Жабаев атындағы №15 Қарсакбай ЖОББМ, Ұлытау ауданы.