"Көптілділік - табысқа апарар жол" тақырыбында дөңгелек үстел
2018 жылдың 19 сəуірінде Қарағанды технология жəне сервис колледжінде "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында "Көптілділік - табысқа апарар жол" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Модератор - Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Асакаева Д.С.
Дөңгелек үстелге Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері, лингвистикалық орталықтардың өкілдері, Қарағанды облысының колледждерінде үштілді және көптілді білім беру жобаларын жүзеге асыру бойынша жауапты тұлғалар, Қарағанды облысы колледждерінің директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Дөңгелек үстел пленарлық бөлімнен жəне екі секциялық отырыстардан тұрды.
Пленарлық отырыста
"Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулықтар қазақ тілінде" жобасын іске асыру аясында қазақ тіліндегі жаңа білімді кіріктіру, сонымен қатар жоғарғы жəне кəсіби-техникалық білім беруде қазақ тіліндегі əлеуметтік-гуманитарлық пəндер шеңберіне академиялық ғылымды біріктіру жайлы айтылды.
Бірінші секциялық отырыстың тақырыбы "Көптілділік - табысқа апарар жол", Қарағанды облысы колледждерінде үштілді жəне көптілді білім беру жобаларын жүзеге асыру бойынша жауапты тұлғаларымен өткізілді.
Екінші секциялық отырыс тақырыбы: "Отаным - тағдырым" жобасын жүзеге асыру түрлері" - Қарағанды облысы колледждерінің дирееторларының тəрбие ісі бойынша орынбасарлары үшін өткізілді.