Размер шрифта:
«БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДАҒЫ МАТЕМАТИКА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ
19-04-2018 14:42
«БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДАҒЫ МАТЕМАТИКА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП  ОҚУШЫЛАРЫНДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

 19 сәуір күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Біздің айналамыздағы математика» облыстық жобасының аясында Нұра кенті «Тірек мектеп (ресурс орталығы) «№3 Киевка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ«Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру үшін оқытудың белсенді формасын қолдану» тақырыбында облыстық  семинар өтті.

 Семинар мақсаты: Бастауыш сыныпта пәнаралық ықпалдастықты қолдана отырып, функционалды сауаттылықты қалыптастыру және дамыту  бойынша жобаны жүзеге асыруды көрсету.

 «Тірек мектеп (РО) «3 Киевка ЖОББМ» мен К. Мыңбаев атындағы ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері әр түрлі әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, математика пәні мен басқа пәндердің арасындағы байланысты көрсете отырып: шеберлік сыныптары, ашық сабақтар, интеллектуалды ойындар, жоба қорғау, сыныптан тыс іс- шараларды қызықты түрлендіріп, басқа пәндерді кіріктіре отырып өткізді. Сонымен қатар, семинардың белсенді мүшелері ретінде ата- аналар «Отбасылық математика және  робототехника» тәрбие сағаты тартымды өтті.

  Облыстық семинарға Ұлытау, Жаңарқа, Абай, Ақтоғай, Қарқаралы, Шет, Бұхар жырау ауданы мен Қарағанды, Теміртау, Қаражал қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері мен әдіскерлері қатысты. Семинар барысы төрт блоктан тұрды; ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, шеберлік сабақтары, қорытынды бөлім.