Размер шрифта:
Бастауыш сынып білім алушыларының функционалды сауаттылығын арттыру барысында сабақта және сабақтан тыс уақытта оқытудың белсенді формаларын қолдану
25-04-2018 17:01
     Бастауыш сынып білім алушыларының  функционалды сауаттылығын арттыру барысында  сабақта және сабақтан тыс уақытта оқытудың белсенді формаларын қолдану

 Біздің айналамыздағы математика» жобасы аясында «Бастауыш сынып білім алушыларының функционалды сауаттылығын арттыру барысында сабақта және сабақтан тыс уақытта оқытудың белсенді формаларын қолдану» тақырыбында 25 сәуір күні «Қарқаралы қаласындағы Академик О.Жәутіков атындағы № 1 қазақ орта мектебі» базасында облыстық  семинар өткізілді.

 Семинардың мақсаты:бастауыш сынып білім алушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда және арттыруда оқытудың белсенді формаларын қолдану .

 Семинарды облыстық ОӘО әдіскері Мукашева Г. Г. ашып, мақсатымен таныстыра отырып, сәттілік тіледі. Казиева З.О. аудан бойынша 2015-2018  оқу жылдары аралығындағы жүргізілген жұмыстарды қорытындылады.

 Серіктес мектептердің оқушылары дайындаған жоба аясындағы мазмұнды көрме жұмыстары таныстырылды. Сонымен қатар, мұғалімдердің әдістемелік қоржындарынан да жұмыстар ұсынылды.

 Семинар барысында Қарқаралы қаласының № 1, 2 ЖББОМ – нің мұғалімдері математика және дүниетану пәндерінен кіріктірілген сабақтарын көрсетті.

 Қарағайлы кентіндегі № 16, Нұркен ауылындағы № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері білімділік-танымдық ойынын оқушылармен шеберлікпен өткізді.

 «АКТ-ның пайдасы мен зияны» тақырыбында  коучинг түрінде өте жоғары деңгейде өткізе білген Конрад Н. В., Кошкимбаева А. Д., Егіндібұлақ ауылындағы № 5 орта мектеп мұғалімдері.  

 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-ананың рөлі мен АКТ-ның пайдасы мен зияны ортаға салынды. Шеберлік сыныптарында ұстаздар крийтериалды бағалау жүйесіне сәйкес жұмыстар жүргізді

 Сонымен қатар №5 Егіндібұлақ ауылы «Математика әлеміне саяхат» атты театрландырылған қойылымды ұсынды.

 Семинарға қатысушылар тақырыптың өзектілігі мен  қажеттілігін баса көрсете білді. Семинарға білім бөлімдерінің әдіскерлері және Қарағанды, Теміртау, Приозерск, Сатпаев, Жаңарқа, Бұқар жырау және Ұлытау аудандарының жобаға қатысушы мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.