Размер шрифта:
Қарағанды облысы колледждерінің директорларына арналған "Кəсіптік білім беру ұйымы инновациялық экономика үшін: білім беру үрдісін ұйымдастыру" бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары
26-04-2018 11:03
Қарағанды облысы колледждерінің директорларына арналған

 22-27 сəуір аралығында Минск қаласында (Беларусь Республикасы) Қарағанды облысы колледждерінің директорларына арналған "Кəсіптік білім беру ұйымы инновациялық экономика үшін: білім беру үрдісін ұйымдастыру" бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізіліп жатыр.Біліктілікті арттыру кəсіптік-техникалық жəне орта-арнайы білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау, кəсіби даярлау бойынша ТМД елдері-қатысушыларының негізгі ұйымымен ұйымдастырылған. Курстарда экономика салаларының инновациялық дамуы үшін кадрларды алдын-ала даярлауды ұйымдастыру, кəсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру, тəрбие жұмысының қазіргі заманғы əдістері, инклюзивті білім берудің педагогикалық ортасын құру жəте т.б. сұрақтар қарастырылып жатыр. Оқу барысында Минск қаласындағы алдыңғы қатарлы техникалық жəне кəсіптік білім беру  ұйымдарын аралау ұйымдастырылған.