ТжКББ ұйымдарының студенттері арасында "Бухгалтерлік есеп негізі" облыстық білгірлер турнирі
2018 жылдың 26 сәуірінде «Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика, бизнес және заң колледжі» ЖММ-де ТжКББ ұйымдарының студенттері арасында "Бухгалтерлік есеп негізі" облыстық білгірлер турнирі өтті. Турнир екі кезеңнен тұрды. Теориялық кезең тест тапсырмалар болды, ал тәжірибелік кезеңде "Бухгалтерлік есеп негіздері" пәні бойынша жағдайлық есептер шығарылды. Барлығы облыстың 5 колледжінен 15 қатысушы қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша:
1 орын - Суфиярова М.В., «Қарағанды коммерциялық колледж» ЖММ студенті;
2 орын - Бахытова И.Б., «Қарағанды коммерциялық колледж» ЖММ студенті;
3 орын - Гудков В.Р., «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы- техникалық колледжі» КМҚК студенті.