МДББҰ үздік педагогі – 2018» облыстық кәсіби байқауының финалы
27-04-2018 15:50
МДББҰ үздік педагогі – 2018» облыстық кәсіби байқауының финалы

  2018 жылдың 27 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының базасында Қарағанды облысының мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңашыл тәжірибелерді анықтау және жалпылау мақсатында «МДББҰ үздік педагогі – 2018» облыстық кәсіби байқауының финалы өтті.

   Байқау міндеттері:

•Мектепке дейінгі білім беру ұйымы педагогінің мәртебесін арттыру.

•Облыс педагогтері қызметінің шығармашылығын белсендендіру, педагогикалық ұйымдарда шығармашылық ынтымақтастық жағдайларын жасау.

•Талантты, шығармашыл жұмыс жасайтын педагогтерді анықтау, олардың тәжірибелерін жалпылау және жариялау.

•Жаңа педагогикалық ғылым жетістіктерін, педагогикалық теориялық-практикалық инновацияларды насихаттау.

   Бірінші сырттай айналым қорытындысы бойынша байқауға мектепке дейінгі білім беру ұйымының 26 үздік педагогтері қатысты, олардың ішінді: 16 тәрбиеші, 4 педагог-психолог, дене шынықтыру бойынша 2 жаттықтырушы, 4 музыка жетекшісі.

   Екінші кезең бір тақырыппен біріктірілген (презентация, мастер-класс) екі іс-шараны қамтыды.

  Ауданның барлық педагогтері өздерінің педагогикалық шеберлігін, жұмыс тәжірибесін, ораторлық шеберлігін, әріптестерімен қарым-қатынас жасаудағы тез тіл табысу дағдыларын және мастер-класстар көрсетті.

 Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың әдістемелік және коммуникативтік біліктіліктерін, жеке сапаларын, білімпаздықтарын айтып өтті. Қорытынды шағарда қазылар алқасымен әр қатысушының ой тереңдігі, сөз сөйлеу түпнұсқалылығы мен кәсіпқойлығы белгіленді. 

 

   Бірақ байқаудың аты – байқау, және әр байқаудың өз жеңімпазы бар.

    «Үздік тәрбиеші 2018» номинациясы

1 орын – Цхай Оксана Владимировна, «Балғын» бөбекжайы, Саран қ.

2 орын- Ключник Инна Васильевна, «Бөбек» балабақшасы, Абай ауданы.

2 орын – Габайдуллина Юлия Анатольевна, «Қарлығаш» бөбекжайы,  Шахтинск қ.

2 орын - Данибекова Светлана Александровна, «Березка» бөбекжайы, Шахтинск қ.

3 орын – Житинева Светлана Викторовна, «Снегурочка» бөбекжайы, Шахтинск қ.

3 орын – Шокубаева Гульжазира Мамаевна, «Балбөбек» бөбекжайы, Абай ауданы.

3 орын – Ержанова Рауан Ерлановна, «Балдырған» балабақшасы, Ақтоғай ауданы.

   «Үздік педагог-психолог 2018» номинациясы

1 орын - Максяткина Татьяна Анатольевна, «Снегурочка» бөбекжайы, Шахтинск қ.

2 орын - Ким Ольга Александровна, «Березка» бөбекжайы, Шахтинск қ.

3 орын - Акбашева Танзиля Муллануровна, «Салтанат» бөбекжайы, Шахтинск қ.

  «Дене шынықтыру бойынша үздік жаттықтырушы 2018» номинациясы, «Үздік музыка жетекшісі 2018» номинациясы

1 орын - Кузнецова Диана Витальевна, «Балбөбек» бөбекжайы, Абай ауданы.

2 орын - Байдарова Ирина Петровна, «Колокольчик» бөбекжайы Саран қ.

2 орын – Мозер Татьяна Владимировна, «Алмагүл» балабақшасы, Қарағанды қ.

3 орын - Чернова Алена Сергеевна, «Салтанат» бөбекжайы, Шахтинск қ.

  «МДББҰ үздік падегогі 2018» байқауы финалының барлық конкурсанттарына қатысқандары үшін сертификаттар берілді.