«Бейнелеу өнердегі композицияның айқын құралы» облыстық семинар-практикум
2018 жылдың 23 сәуір күні Қарағанды қаласының №1 Балалар көркем мектебінің базасында көркем және эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру педагогтері үшін «Бейнелеу өнердегі композицияның айқын құралы» облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар көркемсурет, көркемөнер мектептерінің және көпсалалы ұйымдардың көркемдік-эстетикалық бағытындағы қосымша білім беру педагогтерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында ұйымдастырылып, өткізілді. (Орталықтар, Оқушылар үйлері, сарайлар).