ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ШЕКАРАСЫЗ БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН СЕМИНАР
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының
ұйымдастыруымен 2018 жылдың 3 мамырында «Шекарасыз білім беру жобасы
аясында мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату мақсатымен аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттарының
әдістемелік бірлестік жетекшілері үшін қорытынды семинар өткізілді.
Семинарда Жезқазған қаласы №8 гимназияның физика пәнінің мұғалімі
Жанул А.М. және Қарағанды қаласы №3 гимназияның физика пәнінің мұғалімі
Дауылбаева С.Т. «Физика сабағында сандық білім беру ресурстарын қолдану»
тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар қалалық/аудандық білім
бөлімдерінің әдіскерлері биылғы оқу жылында «Шекарасыз білім беру» жобасы аясында атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды жасады.