«Біздің айналамыздағы математика» жобасы аясында «Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту, білім сапасын жақсарту жолдары» тақырыбында 3 мамыр күні Қарағанды облыстық оқу-әдістемелік орталығы және Жаңаарқа аудандық білім бөлімімен бірігіп ұйымдастырылған «Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебі» базасында облыстық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының математика пәнінен функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, математикалық білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.
Облыстық деңгейдегі іс-шараны Жаңаарқа аудандық білім бөлімінің ӘК меңгерушісі Ш.С.Борамбаева ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинар 5 блок бойынша өтті. Оның барысында «Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ» және С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ мұғалімдері математика және дүниетану пәндерінен ашық сабақтар көрсетті.
Аталған мектептің бастауыш сынып мұғалімдері «Алтын сақа», «Таңғажайып математика» сайыс сабақтары, «Полиглот» зияткерлік ойыны, «Математика және біз» интеллектуалды сайыс сияқты сабақтан тыс іс-шараларды аса шеберлікпен өткізді.
«Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін ата-анамен мұғалімнің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, сонымен қатар «Оқушы-ұстаз-ата-ана- үштік одақ ынтымақтастығының» пайдасы ортаға салынды.
«Жаңартылған білім мазмұнында формативті бағалау», «Бастауыш сыныпта оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбындағы шеберлік сабақтар өте жоғары деңгейде өтті. Қатысып отырған ұстаздар белсенділік танытты.
Серіктес мектептердің оқуышлары дайындаған жоба аясындағы көрме жұмыстары таныстырылды және ұстаздардың жоба аясында жасаған әдістемелік өнімдері ұсынылды.
«Бақытты бала-Мәңгілік ел кепілі» атты математикалық кешпен семинар аяқталды.
Семинарға білім бөлімінің әдіскерлері, Қарағанды, Сәтбаев, Саран қалаларының және Жаңаарқа, Шет аудандарының жобаға қатысушы мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.