Қорытынды аттестаттау жүргізудің ережесі-2018
5 мамыр 2018 жылы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы география және тарих пәні мұғалімдеріне арналған жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша онлайн-семинар өткізді. Педагогтар 2017-2018 оқу жылының қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесімен танысты.
Онлайн семинарда Леонова Д.Ю. – Қарағанды қаласы №2 МЛ география пәні, Тапенова А.С. Н.Нұрмақов ММИ тарих пәні, Максименко Н.В. – Саран қаласы №17 ЖОББМ тарих пәні мұғалімдері мектеп бітірушілердің ҰБТ және қорытынды аттестаттауға дайындық жүргізудегі іс-тәжірибесімен бөлісті.